Саясаттар тізімін қарап шығу

Басқару серверінде немесе кез келген басқару тобында жасалған саясаттардың тізімін көре аласыз.

Саясаттар тізімін қарап шығу үшін:

  1. Бағдарламаның негізгі терезесінде Құрылғылар → Топтардың иерархиясы бөліміне өтіңіз.
  2. Басқару топтары тізімінен саясат тізімін қарап шыққыңыз келетін басқару тобын таңдаңыз.

Саясаттар кесте түрінде көрсетіледі. Саясаттар болмаса, бос кесте көрсетіледі. Сіз кестенің бағандарын көрсете немесе жасыра аласыз, олардың ретін өзгерте аласыз, тек сіз көрсеткен мәнді қамтитын жолдарды көре аласыз немесе іздеуді қолдана аласыз.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Желі қорғанысын конфигурациялау

Басына оралу